Қазақстан

РЕЦЕПТУРАСЫЗ ПРЕПАРАТТАР

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Для вен

Индовазин

Белсенді зат/ХПА

Жоқ

Қолданылуы

- созылмалы веналық жеткіліксіздікте, ауырумен және ісінумен қатар жүретін венаның варикозды кеңеюінде - беткейлік тромбофлебитте, флебитте, флебиттен кейінгі жағдайда - геморроидальді ауруды кешенді емдеуде - тендовагинитте, бурситте, фиброзитте, периартритте - хирургиялық араласулардан кейінгі ісінулерде, контузияларда, шығып кеткенде, созылуларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат сыртқа қолдануға арналған. Зақымданған жерге гельдің 4-5 см күніне 2-3 рет жұқа қабат етіп жеңіл ысқылай отырып жағу керек. Бір реттік дозасы 4-5 см, тәуліктік дозасы 15 см аспауы тиіс. Емдеу ұзақтығы 10 күннен аспауы керек.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті реакциялар Сирек • терінің құрғауы, тері гиперемиясы • аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит, қызару, қышыну, тері бөртпесі, жаққан жерде жылу мен ашытуды сезіну) Жүйелі реакциялар Өте сирек (дененің ауқымды жеріне ұзақ уақыт бойы қолданған кезде) • жүрек айнуы, құсу, асқазандағы ауыру • бауыр энзимі деңгейінің жоғарылауы • анафилаксия, бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну - фотосенсибилизация реакциясы - бірлі-жарым жағдайларда – псориаздың өршуі.