Қазақстан

РЕЦЕПТУРАСЫЗ ПРЕПАРАТТАР

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Пищеварительная система

Гастал №60

Белсенді зат/ХПА

Жоқ

Қолданылуы

- өршу сатысындағы жедел және созылмалы гастритте - жедел гастродуоденитте - өршу сатысындағы асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруында - диафрагманың өңеш қуысы жарығында - рефлюкс-эзофагитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы біртіндеп (бүтіндей жұтпастан) сорған жөн. Ересектерге тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң кешке ұйықтар алдында 2 таблеткадан күніне 3-5 рет қабылдау ұсынылады, тәуліктік дозасы 8 таблеткадан аспауы керек. Емдеу ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс, дәрігердің кеңесімен дозалаудың басқаша режимі тағайындалуы мүмкін! Қыжыл кезінде тамақтануға байланыссыз осыған ұқсас дозалары ұсынылады. 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар – ересектерге арналған дозаның жартысын қабылдаулары керек.

Жағымсыз әсерлері

Метаболизм және тамақтану бұзылыстары Өте сирек • гипермагниемия (кейіннен гипотония болатын). Магний гидроксидін бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұзақ енгізуден кейін байқалады Белгісіз • гипофосфатемия Сүйек-бұлшықет және дәнекер тіннің бұзылулары Белгісіз • остеомаляция Асқазан-ішек бұзылыстары Белгісіз • жүрек айну, диарея, іш қату, іштің ауыруы Иммун жүйесінің бұзылулары Өте сирек • аллергиялық реакциялар