Қазақстан

РЕЦЕПТУРАСЫЗ ПРЕПАРАТТАР

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

При простуде и боли

Эфизол

Белсенді зат/ХПА

Жоқ

Қолданылуы

- препаратқа сезімтал қоздырғыштар туындатқан ауыз қуысы мен жұтқыншақ аймағындағы жеңіл қабыну үдерістерін жергілікті антисептикалық емдеу: катаральді, ойық-жаралы, фиброзды гингивиттер, афтозды стоматит, ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы, фарингит, тонзиллит, ларингит, глоссит - ауыз қуысына және тамаққа жасалған операциялық араласуларға дейінгі және одан кейінгі инфекциялар профилактикасы - антибиотиктермен немесе сульфонамидтермен қосып, ауыз қуысы мен жұтқыншақтағы инфекциялық үрдістерді кешенді емдеу.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге ұсынылатын дозалар. Әр 2-3 сағат сайын сору үшін бір таблеткадан тағайындайды (тәулігіне 8 - 10 таблеткадан аспайды). 6 жастан асқан балаларға әр 2-3 сағат сайын сору үшін бір таблеткадан қолданады (тәулігіне 4-6 таблеткадан аспайды). Таблеткаларды шайнамайды. Препаратты қабылдаған соң, пациент жарты сағат бойы тамақтанбауы және сусындар ішпеуі керек. Клиникалық симптомдары жойылған соң, емдеуді 1-2 күн бойы жалғастыру ұсынылады. Емдеу курсы дисбактериоздың даму қаупіне байланысты 5 – 7 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Сирек • жүрек айнуы, құстырту Өте сирек • аллергиялық реакциялар: ашыту және тітіркендіруді сезіну, ауыз қуысының құрғауы • дисбактериоз (ұзақ қолданған кезде)