Қазақстан

РЕЦЕПТУРАСЫЗ ПРЕПАРАТТАР

Мына нарықтарда сатылатын Teva өнімдерінің тізімін қараңыз: қазақстан

Обезболивающие средства

Диклофенак-ратиофарм, гель 1%

Белсенді зат/ХПА

Диклофенак

Қолданылуы

Ауыру синдромын және қабынуды жергілікті, симптоматикалық емдеуде: - созылуда, шығып кетуде, гематомалардағы сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттердің және буындардың жарақаттық зақымдануында - жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануында - тізе буынының остеоартритінде (остеоартроз) Дәрігердің ұсынымынсыз гель жұмсақ тіндер зақымдануы кезінде 2 аптадан астам немесе артритке байланысты ауыру кезінде 4 аптадан артық қолданылмауы тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: ауырған орынның көлеміне байланысты 2-4 г гель (диаметрі шамамен 2-2,5 см дөңгелек пішінді масса) жағылады және теріге күніне 3-4 рет ысқылап жағады. Гельді жаққаннан кейін, егер олар емдеуге жататын бөлігі болмаса, қолды жуу ұсынылады. Егде адамдар: доза түзету талап етілмейді. Балаларда 14 жастан бастап қолдану қажет болғанда және егер 7 күннен астам қолдану талап етілсе, дәрігермен кеңесу керек. Гель ультрадыбысты өткізеді, сондықтан ультрадыбыстық еммен біріктірілімде қолданылуы мүмкін. Терінің үлкен бөліктеріне гельді пайдаланған кезде, жүйелі абсорбция жоғары болады және жағымсыз реакциялар қаупі артады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥ 1/100, <1 10) - бөртпе, экзема, эритема, дерматит (жанаспалы қоса), қышыну Сирек (≥ 1 10 000,><1 1000) - буллезді дерматит Өте сирек (><1 10000) - аса жоғары сезімталдық реакциялары (оның ішінде есекжем, Квинке ісінуі бронх демікпесі, фотосенсибилизация) • асқазан-ішек бұзылыстары • пустулезді бөртпе>