Көшбасшылық дәрежемізді қарапайым бастамаларымызға адал болған қызметкерлеріміз және мәдениетіміз қалыптастырған. Teva компаниясының негізі қаланғаннан бастап, табандылық, кәсіпкерлік рух пен адамдардың өмірлерін жақсартуға ұмтылыс көшбасшылығымыздың тірегі болды.

Бүгінгі таңда Teva деп танылған компанияның іргетасы 1901 жылы Иерусалимде шағын бизнес түрінде қаланған. «Salomon, Levin and Elstein Ltd.» негізін қалаушы фармацевттердің атымен аталған жас компания қашыр мен түйелерден құралған керуендердің көмегімен импортталған дәрі-дәрмектерді таратқан.

Кейінгі жылдарда компанияның өсуіне жергілікті дәрі-дәрмектерге деген сұраныстың өсуі түрткі болды. 1976 жылы компания «Teva Pharmaceutical Industries Ltd.» (Teva — «табиғат» мағынасындағы иврит сөзі) болып аталды.

Teva инновациялық дәрі-дәрмектер мен дженериктер саласында, сондай-ақ жаңа терапиялық аймақтар мен нарықтардағы тәжірибемізді жақсартқан және біріктірген бірнеше сәтті жасалған саудамыздың арқасында дүниежүзінде айтарлықтай өсті. Қазіргі таңда Teva әлемнің үздік 15 фармацевтикалық компаниясының қатарына кіріп, дженериктер мен арнайы дәрі-дәрмектер саласында әлемдегі көшбасшы болып табылады.

Teva тарихы туралы қосымша ақпарат >

____________________________________________

Анықт.:  Teva компаниясының жылдық есебі, 2018 ж.